Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінде маусымның 5 мен тамыз айының 5 аралығында жазғы тарбие сағаты – сауат ашу курсы өткізіліп, өз мәресіне жетті. САК-та 7-15 жас аралығындағы ұл-қыздардан құралған үш топ оқытылды. Онда Құран әліппесімен қатар, иманның, исламның шарттары, әдеп әліппесі және Пайғамбарымыз Мұхаммедт3ң (с.а.у) өмірбаяны үйретілді.
Жас өрендерімізді ата-баба дініне баулу, имандылыққа, әдептілікке тәрбиелеу мақсатында жүргізілген курста мектеп оқушыларына ата-ананы, мұғалімді, қоғамды құрметтеуді, адамгершілік пен отансүйгіштіктің маңыздылығы жөнінде тәлім берілді.
САК барысында шәкірттер Құран әліппиін еркін жүргізіп оқуды үйреніп, имандылық дәрістерден сусындады. Соңғы дәрісте ата- аналар балаларының кейінгі уақыттарда да имандылық дәрістеріне келіп, мешіттен аяқ үзбеуін қадағалайтынын айтып, ұстаздарға алғыстарын білдірді.
Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешіті