Жасөспірімдер алаңдатады...

Жасөспірімдер алаңдатады...

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ауданға қарасты мешіттердің бүгінгі күндегі жағдайы – дін төңірегінде жасөспірімдер мәселесіне байланысты.

Аудан ішкі істер бөлімінің экстремизм мен терроризмге қарсы күрес бөлімінің бас маманы Е. Байтаков, Облыстың діни істер басқармасы оңалту орталығының маманы Б. Жұмасейітов, аудан-әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің маманы М. Рахишев ауыл имам-молдалардың қатысуымен жиын өтті.

Жалпы, аудандағы мешіттерді паспортизацияландыру, видеокамера қондырғыны орнату, теріс пиғылдағылармен бірлесе күресу, мешітке келетін жасөспірім балалармен оңтайлы жұмыс жүргізу, түнгі мезгілде шектеу қою мәселесі қаралды.

Енді мешітке намазға, діни білімін жетілдіремін деген жасөспірімдер ата-аналарымен келісім шарт жасасып, ата-ана келісім беруі керек болады.

Көп жағдайда, жасөспірім балалар, түн мезгілінде мешітті сылтаулатып түннің біраз бөлігіне дейін үйлеріне бармайтындығы анықталған.

Өзгеде мәселелер өз шешімін тауып, жұмыла жұмыс жасауға септігін тигізетініне сенім білдірілді.

Аудандық «Меркі ата» мешіті

 

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: