Тараз қаласы Барысхан алқабында жаңа мешіт бой көтеруде. Халық игілігі үшін соғылып жатқан рухани орынның берер пайдасы мол болары сөзсіз.
Аталған ғимараттың іргесі қаланып, енді қабырғасы тұрғызылуда. Бүгін ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Данияр қажы Жұмабаев ақсақалдармен мешіттің алғашқы кірпішін қалады.
Алақан жайып, көнекөз қарияларымыз ақ бата берсе, өкіл имам иманды болашақ, ел татулығы үшін дұға жасады. Ал ақ жаулықты әжелеріміз болса шашу шашып, қуанышты шараның сәнін келтірді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.