Облыстың ақпараттық-насихат тобының мүшесі Ержан Аманбаев орталық «Меркі ата» мешітінде бесін намазынан соң жамағатпен кездесті. Имам Ислам діні жалпы нені білдіреді, адам баласын мына дүниеден ақиретке дейінгі ұстанар жолы, жамандықтан өзін сақтап, жақсы амалдар жасап, ақиретте бақытқа бөлену мақсатында өмір сүру сынды тақырыптарды уағызына арқау етті.
«Ең бастысы, ата-анаға құрмет көрсетіп қызмет жасау. Алла тағаланың разылығын табам десеңіз, ата-анаңызға құрметпен қарап, қызметінде болыңыз. Ана деген ұғым барлық жаратылған нәрседен жоғары. Неге десеңіз, Алла Тағаланың қалауымен сіздерді жарық дүниеге қандай қиыншылықта жеткізді, бір сәт болсада ойланайық. Одан әрі ер жеткенше әлдилей, мәпелеп адам қатарына қосылғанша ана өз мейірімін сізге арнайды.
Сол себепті ананы қалайша құрметтемейміз ағайын бауырлар!» - дейді дін маманы . Кездесу соңында жамағат Ержан бауырымызға разылықтарын білдіріп, бірнеше сұрақтар қойып, қанағатты жауап алып тарқасты.
Аудандық «Меркі ата» мешіті