«Отанды сүймек иманнан» облыстық жыр мүшәйрасы өз жеңімпазын анықтады.

«Отанды сүймек иманнан» облыстық жыр мүшәйрасы өз жеңімпазын анықтады.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" Жамбыл атындағы Руханият орталығының ұйымдастыруымен және облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің демеушілігімен «Отанды сүймек иманнан» атты облыстық жыр мүшәйрасы өтті.

Дәстүрлі асыл дінімізді, қасиетті ораза айын өлеңмен ұлықтап, халықты татулыққа, достыққа шақырып, ел бірлігін жырлау, Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласын халыққа түсіндіріп, насихаттау үшін қаламгерлермен бірігіп жұмыс жасау мақсатында атқарылған жыр бәйгесіне жергілікті ақындар, қарттар мен БАҚ өкілдері қатысты. Мүшәйраның шарты бойынша ақындар жасына шектеу қойылмаған. Бір қызығы, 80 жастағы қария да бұл додада бақ сынады.

Алдын ала «Ақ жол» газетіне хабарландыру жарияланып, ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Қайырбек Асанов, жазушы, сыншы, «Жас Алаш» газетінің бірінші орынбасары Дәуіт Оралхан, облыстық «Ақ жол» газетінің бас редакторы Көсемәлі Сәттібайұлыдан құралған қазылар алқасы өлеңдерді сараптамадан өткізді. Жыр сайысына Тараз қаласы мен аудандар бойынша барлығы 25 үміткер қатысты.  

Бүгін іс-шараның марапаттау рәсімі аталған орталық мешітте жүргізіліп, барлық қатысушыларға жүлделі орындар мен ақшалай сыйлықтар табысталды.

Адамгершілік, имандылық, кешіпейілділік пен кешірімділікті жыр еткен мүшәйраның бас жүлдесін Хамит Есаман қанжығасына байласа, 1 орынды Үміт Битенова иеленді. Ал 2 орыннан Серік Қалиев көрінсе, 3 орын Ералы Әбілезов пен Есет Досалыға бұйырды. Сонымен қатар 3 ынталандыру сыйлығы Ахмет Баймахан, Алтай Сағындықов пен Нұрболат Сатымқұлға берілді. Қалған қатысушылар да қаржылай сыйлықтар мен дипломнан құр қол қалмады.

Өкіл имам Данияр қажы Жұмабаев қатысушылардың қаламы қарымды болуын тілесе, алқа мүшелері мұндай іс-шараның мешітте өтуінің ерекшелігіне тоқталды.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: