Дін мамандарының еңбегі ескерілді

Дін мамандарының еңбегі ескерілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінде аудан және қала бас имамдарының жиналысы өтті. Аталған іс-шараға ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Данияр  қажы Жұмабаев пен Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінің бас имамы Қанат Әділханұлы қатысты.

Жиын барысында мешіттердің алғашы жарты жылдық қорытындысы жасалып, «Нұр Мубарак Египет ислам мәдениеті» университетіне және Жамбыл облысы «Һибатулла Тарази» медресесіне жіберілетін талапкерлер саны нақтыланды.

Диструктивті теріс ағымдармен күресіп келе жатқан қала имамдары оның ішінде Қанат Әділханұлы және  "Һибатулла Тарази" мешітінің найб имамы Бахтияр Амиреев, "Әзірет Әли" мешітінің бас имамы Бекболат Мыңбаев, "Тектұрмас" мешітінің имамы Алмас Кенжемолдаев, «Асым ата» мешітінің имамы Хамидулла Ахметов, «Құлбай баба» мешітінің имамы Талғат Сматов, «Бегалы ата» мешітінің имамы Таңат Тилманбетов, «Шейх Зүннүн» мешітінің имамы Абдуахид Хадиметов, «Айсұлу ана» мешітінің имамы Қанат Қуанышбеков, т.б. алғыс хатпен марапатталып, қаржылай 20.000 теңгеден сыйға тартылды.

Сонынымен қатар ҚМДБ-ның тапсырмасы бойынша ұйымдастырылған «Көрікті мешіт-2017» атты тазалық бәйгесінің қорытындысы бойынша 1 орынды иеленген Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітіне 50 000 теңге сыйақы мен сертификат табысталды.

«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: