Аудан әкімшілігінде имани жиын өтті

Аудан әкімшілігінде имани жиын өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудан әкімшілігінің үлкен залында ауыл әкімдері, ақсақал қариялар, мектеп ұстаздары, асхана басшылары, ауыл имам-молдалары, ардагерлер төрағасы қатысқан кеңейтілген жиын өтті.

Негізгі қаралған тақырып әдет ғұрып, дәстүр, ысрапшылдық, жаназа және жерлеу рәсімдеріне байланысты болды.

Қазіргі таңда, шектен шығып жатқан пиғылдар баршылық, әрине оны айтпасқа болмайды, әр нәрсенің сұрауы бар.

Аудан ардагерлер төрағасының айтуынша, бұл нәрселерге шектеу қоймаса болмайды, тойда болсын, ас дастарханында болсын тым ысырапшылдыққа барып жатырмыз. Жаназа кезінде, де ыңғайсыз жайлар болсын жатады, (жыртыс тарату, ақша беру, шапан тарату, тағы басқа).

«Жаназа кезінде жасалған дастарханды, тойдың дастарханы екен деп қаласыз. Осы жағдайдың барлығын бір қалыпқа түсіру керек. Ауыл әкімдеріне айтарым, осы айтылған мәселем аяқсыз қалдырмай, ауылдарыңызда кәриелермен ақылдасып бір шешімге келіңіздер. Той мәселесіне келетін болсақ, уақытысына шектеу қою керек, түнгі 11-де басталып, таңғы 5-ке шейін жалғасады бұл дұрыс емес. Былай болғаны жөн, сағат кешкі 7-ден түнгі 12-шейін болу керек,» - дейді наразы қауым.

Мұндай жиын отырыстар алдағы уақытта жалғасын таппақ.

Меркі ауданы, Ардагерлер кеңесі.

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: