«Һибатулла Тарази» мешітінде сауат ашу курсының жазғы маусымына ілім алуға келген балалар мешіт ұстаздарының ұйымдастыруымен қалаға серуенге шықты. Асхат Акмамбетов пен Нұралы Бақытұлы бастаған тәрбиеші ұстаздар курс оқушыларымен спорттық алаңдарда болып, түрлі жаттырулар жасады. «Шынықсаң шымыр боларсың» дейді дана халқымыз.
Білім алу мен қатар ер жігітке қажетті дүние білік күшінің болуы. Ұстаздар шәкірттерін діни ілімге ғана емес, жан-жақты өнерге де баулуда.
Балдырғандар күндерін қызықты өткізіп, өзара достықтарында нығайтқандарын айтып құптады.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.