Жамбыл ауданында Құран оқудан жарыс өтті

Жамбыл ауданында Құран оқудан жарыс өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Өткен жұмада Қостөбе ауылындағы «Үшкемпір қажы» мешітінде мешіт жамағаты Шарапат қажы апаны еске алу мақсатында жасөспірімдер арасында құран оқудан жарыс ұйымдастырды. Игі іске қостөбелік Сейсенғали қажы Үшкемпіров қолдау көрсетіп, демеушілік жасады.

Рухани шараны ауданнның бас имамы Ғайырфулла қажы Әмірбеков ашып: «Қазіргі таңда еліміздегі мешіттерде «Сендердің жақсыларын Құранды үйренгендерін және оны үйреткендерің» деген хадиске амал етушілердің қатары көбейіп келеді. Бұл - құптарлық жайт. Қасиетті Рамазан айында өткізіліп жатқан бүгінгі шара соның бір көрінісі. Әрбір қатысушыға сауаптан жазылсын. Сіздерге сәттілік тілеймін», – деді.

Ізгі тілектен кейін қасиетті хақ кітабын жанына серік еткен жандардың жарысы басталды. Оған ауданға қарасты ауылдық округтердегі мешіттердің молдаларынан сауатын ашып жүрген жалпы саны 25 жеткіншек қатысып, өзара құран сүрелерін мәнерлеп оқып жарысты. Тартысты өткен бұл жарыста ең көп сүре оқыған асалық Ислам Ерланұлы топ жарды. Жүлделі екінші орынды қостөбелік Абдулғазиз Балтабаев иеленсе, шохайлық Нұртілеу Сүйінбекке үшінші орын бұйырды.

Соңынан жеңімпаз бен жүлдегелер және қатысушылар сәйкесінше арнайы дипломмен және Алғыс хаттармен марапатталды.

Ильяс Қалыбеков,

«Шұғыла».

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: