Мысыр еліндегі "Әл-Азһар" университетінің түлегі, "Һибатулла Тарази" медресесінің білікті ұстазы Нұралы Бақытұлы Жамбыл ауданында болып қайтты.
"Бәйдібек" мешітінің жамағатымен жүздесіп, уағыз жүргізді. Қоғамның түйіткіліне айналған түрлі тақырыптарды арқау еткен насихат жұртшылықтың көкейкесті сауалдарына жауап бола білді.
Сонымен қатар, ұстаз осы мешіттің имамдарымен пікірталас тудырып, көптеген заңдылықтарды бидағат деп жүрген азаматтың сұрақтарына жауап берді. Салафилік бағытты ұстанатын ер кісі ұстазбен жеке сөйлесіп, Нұралы Бақытұлы оның сұрауына көкірек көзді оятар мардымды да тұщымды мысалдар келтірді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.