Айт күндері мейірім-шапағат, рақымшылық, достық сезімдерін тудыратын уақыт. Айт күндері адамдардың рухы шаттанады, күнделікті күйбең тіршіліктен жабырқау тартқан көңілдері жадырап, бір сергіп қалады.
Осы барша мұсылман үшін қуанышты мерекені, мұқтаж отбасылар да қуанышпен тойлау үшін Қордай аудандық мешіттері «айттан теберік» қайырымдылық науқандарын ұйымдастыруда.
Атап айтсақ, «Рахман» мешіті 10 отбасына, «Омар» мешіті 28 отбасына, «Әл Хафиз» мешіті 30 отбасына азық-түлікпен қамтамасыз етсе, «Кенен» мешіті жалғыс басты 4 баланың анасына үй құрылысына деп 94 000 теңге қаржы сыйға тартты. Көмек алушылар мешіт имамдарына алғыс айтты.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі