Рамазан айының құрметіне оқылатын тарауық намазының соңғы күні, Шу қаласындағы «Жәми» мешітінде қарияларға құрмет көрсетілді.
Шу қалалық «Жәми» мешітінің бас имамы Қуат Дүйсенбайұлы тарауық намазына бір ай бойы қалмай қатысып келген қарияларға және жамағаттың ішіндегі ең жас балаларға арнайы сыйлықтар үлестірді.
Қариясы бардың – дариясы бар дегендей, мешіт жамағаты жасы тоқсанға тақап қалған Дүйсенғали қарияға 1 кілем, басқа ақсақалдарға бір кітаптан сыйға тарту етіп, келер жылыда Рамазан айына аман-есен жетіп жүздесуге тілек білдірді.
Ақсақалдар мешіт имамына алғыстарын жеткізіп, ақ баталарын берді.
«Жәми» мешітінің баспасөз қызметі