Қадір түніндегі қайырымдылық

Қадір түніндегі қайырымдылық

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

     Қайырымдылықтың ең абзалы және сауабы молы қасиетті Рамазан айындағы жасалған қайырымдылық болып табылады. Алла тағала нәсіп етіп, Рамазан айында мың айдан қайырлы болған қасиетті Қадір кешінің құрметіне  аудандық «Төле би» мешітінде ауданның бас имамы Аят Дыбысұлының ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өтті.

Іс-шарада әлеуметтік жағдайлары төмен 30 отбасына: 30 қап ұн - 150000тг; 30 құты сұйық  май (5л) – 72000кг; ет (3қой) – 105000тг; 30 қап макарон (5кг)  - 15000тг және басқа да азық-түліктей көмек көрсетілді. Жалпы жұмсалған қаражат  -  342 000 теңгені құрайды.

Мұқтаж жандар алда келе жатқан Рамазан айты қарсаңында жасалған қайырымдылық үшін өз разылықтарын білдірді. аудан имамы А. Алмаханов Алла қаласа осындай игі іс-шаралар осымен аяқталмай өз жалғасын табатындығын жеткізді.

                                      Шу аудандық «Төле би» мешітінің баспасөз қызметі

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: