Елімізде Рамазан айының ішінде келетін қасиетті Қадір түнін қадыр тұтып, қарсы алып түні бойы құлшылық ғибадат жасап, Алла Тағаладан қажетін сұрап өткізу үрдіске айналған.
Соның бірі Шу қаласындағы мешіттерде Қадір түнін қарсы алуға жиналған жамағатқа барлық мешіттер лық толды. Қадір түнінің құрметіне қалалық «Жәми» мешітінде кешке 200 кісіге ауызашар берілді. Тарауық намазынан соң қаланың бас имамы Қуат Дүйсенбайұлы жиналған жамағатқа уағыз айтып, құттықтау сөз сөйледі.
Сонан соң Қадір түніне арналған бағдарламаны «Жәми» мешітінің ұстазы Қалиев Нұрлан жүргізді. Жамағатқа викториналық сұрақтар қойылып, жауап бергендерге бағалы сыйлықтар үлестірілді. Жамағатқа мәні зор бейне роликтер көрсетілді.
Бағдарлама соңынан жиналған жамағатқа арнайы сәресі беріліп, таң намазын оқып тарқасты.
«Жәми» мешітінің баспасөз қызметі