Шу қаласындағы «Жәми» мешітінде қасиетті Құран түскен мүбəрак Рамазан айының құрметіне қалалық мешітте тарауықтың бірінші күні басталған хатым Құран түндердің қасиеттісі Қадір түнінде тәмамдалып, хатым дұғасы жасалды.
Хатымды Түркиядан келген Талха Топал және «Нұр мүбарак» Египет Ислам университетінің ұстазы Нұрлан Союзмаматов қарилар оқыды. Ал дұғаны Шу қаласының бас имамы Қуат Дүйсенбайұлы жасаса, мешіт жамағаты аудандық мәслихат депутаты Сайфуддин қажы Абдіманапов бата берді.
Қос қариға қаланың бас имамы көпшілік атынан алғыс айтып, мешіт жамағаты зейнеткер қария Жапалақ Сандыбаев ақсақал екі қариға батасын берді.
«Жәми» мешітінің баспасөз қызметі