Бүгін облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің жазғы балалар маусымы діни сауат ашу курсының қыздары орталық мұражайға барып қайтты.
ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Қыздар, әйелдер секторының өкілі Зейнеп Үсенова бастаған педагогикалық іс-тәжірибеден өтуші болашақ дінтанушы студенттер оқушылармен мұражайды аралады. Балдырғандарға ондағы естеліктердің қыр-сырын түсіндіріп, ел тарихы мен дәстүрінен сыр шекті.
Бала тәрбиесі алдымен имани тәрбие болса, кейінгісі ұлттық ұстаным мен отанға деген сүйіспеншілік пен махаббат тәрбиесі.
Білім де, ұлттық тәрбиені де қыздарға үйрете білген мешіт ұстаздары оқушылармен қызықты да ғибратқа толы күн өткізіп, жас ұрпақтың санасына үлкен тағылымды ой қалдырды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.