Оразадан байғазы, қадір түнінен қайырым!

Оразадан байғазы, қадір түнінен қайырым!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

21 маусым күні  Қадір түні және ораза айт мерекесі құрметіне аудандық «Қордай» мешіті «Оразадан байғазы, қадір түнінен қайырым!» атты қайырымдылық акциясын өткізді.

Қашанда қайырымдылық шараларын көптеп ұйымдастырып, тұрмысы төмен отбасыларға қарайласып тұратын мешіттің бұл жолғы акциясы 15 отбасыны қамтыды. Акция барысында Рамазан айында мешітке көмек сұрап келген көп балалы отбасыларға, әлеуметтік аз қамтылған жанұяларға, мүгедек жандар мен асыраушысынан айырылғандарға әрқайсысына 10 000 теңгеден қаржылай көмек көрсетіліп, азық-түлік  жиынтықтары таратылды.

 Жиынтық 50 кг ұн, 25 қант, 5 литр сұйық май, 10 кг макарон, 5 кг күріштен және құрмадан құралды. Жалпы 500 000 теңгеге көмек көрсетілді. Қайырымдылық көмек бір бөлігі мешітте таратылса, мешіт қызметкерлері қосымша үй-үйді аралап көмектерді таратты. Қасиетті рамазан тек құлшылық айы ғана емес. Бұл айда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ауыз бекітіп, ораза ұстаумен қатар, көптеп жақсылық жасауды, садақа беруді, жұртқа көмектесуді бұйырған. Осы арқылы қоғамның барлық мүшелерінің бір-бірімен бірлігі артып, қасиетті рамазан айының нығметін сезе түсуі тиіс. Осыны жіті түсінген аудандық «Қордай» мешіті ұжымы көмек алушыларды Рамазан айтымен құттықтап, сәттілік тіледі.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: