Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Рамазан айында қайырымдылық шарасын көптеп ұйымдастыру жөнінде үндеу жасаған болатын.
Осыған орай, Талас аудандық «Қаратау» орталық мешітінің ұйымдастыруымен Талас аудандық мешітінің бас имамы Н.Алиевтың ұйытқы болуымен аудандағы тұрмыс жағдайы төмен, көпбалалы аналарға, мүмкіндігі шектеулі отбасыларға азық-түлікпен және әр отбасына 1 қойдан қайырымдылық көрсетілді.
Мұқтаждар тізімі мешітке өтініш білдірген отбасылардың сұранысы бойынша жасалды.
Аудандық «Қаратау» мешітінің баспасөз қызметі