Мың айдан қайырлы қадір түнінің қарсаңында «Һибатулла Тарази» мешітінде қайырымдылық науқаны өтті.
Аталған іс-шарада алдын ала өтініш жазған мұқтаж тұрғындардың тізімі жасалып, 23 отбасыға қаржылай көмек көрсетілді.
Мүгедек, көпбалалы, жалғызбасты, әлеуметтік жағдайы төмен жанұяларға арналған жәрдемақыны ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі, осы мешіттің бас имамы Данияр қажы Жұмабаев пен мешіт қызметкерлері үлестірді.
Бас имам әр адамға 10 000 теңгеден табыстап, қасиетті айдың мүбарак түнімен құттықтады.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.