Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінде қасиетті рамазан айы басталғалы тарауих намазынан бөлек бесін намазынан кейін Құран кәрім бастан аяқ оқылып келеді.
Хатым Құранды Астана қаласы қарилар медресесінде оқып жатқан Темірлан қари түсірді. Хатым-құран деп - 600 беттен тұратын Құран кітапты толық оқып шығуды айтады.
Құранның әрбір әріпіне он сауап жазылатыны хадистерден мәлім. Бүгін аяқталған хатым Құранның сауаптарын мешіт жамағатының алдында «Кеңесхан қажы» мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұл киелі Әулие-ата жерінде марқұм болған ата-баба әруағына бағыштады.
«Кеңесхан қажы» мешіті