Салихалы кездесу – сауатты жиын

Салихалы кездесу – сауатты жиын

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің әлеуметтік маңызы бар жобасы шеңберінде Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің бірлесе ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 1 маусым күні Жамбыл ауданына қарасты Б.Момышұлы атындағы орта мектебінде және №17 колледжінде ауыл тұрғындарының діни сауаттылығын арттыру мақсатында «Қоғам және дін» атты кездесу өткізілді.

 Кездесуге ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Жастар ісі жөніндегі өкілі, орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы, дінтанушы, теолог Ержан Аманбаев Маханұлы арнайы шақырылып, дін саласында тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында іс-шараға қатысушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар ала білді. Сонымен қатар «Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған діни ұйымдар туралы ақпарат» атты бүктемелер кездесуге қатысушыларға үйлестіріліп берілді.

Кездесуге мектеп мұғалімдері, колледж оқытушылары және студенттер барлығы 100-ден аса адам қатысты. Кездесу барысында Ержан Маханұлы дәстірлі емес діни ағымда жүрген адамдардың сыртқы белгілеріне тоқталып өтіп, жастарымызды осы теріс ағымдардың жетегінде кетпес үшін қажетті ақпаратпен бөлісті. Е.Аманбаев сөз сөңында Ислам діні ұстай алсаң қасиетің, ұстай алмасаң қасіретің екенін атап өтті. Бүгінгі таңда жастарымыздың теріс ағымның жетегінде кетпес үшін барша қоғам болып көп жұмыс жасау керектігін атап өтті.

 Асхат Олжабаев

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы

«Еркін пікір» жастар қоғамдық

бірлестігінің басқарма төрағасы

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: