«Һибатулла Тарази» мешітінде ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Әйелдер, қыздар секторының ұйымдастыруымен кезекті апталық уағыз өтті.
Аталған үгіт-насихатты Әйелдер, қыздар секторының өкілі, осы мешіттің ұстазы Зейнеп Үсенова жүргізді.
Әйелдер жамағаты жиналған жиында «Мүлк» сүресінің тәпсірі жасалды. Ұстаз сүренің түсуі, онда айтылған жайттар мен қасиеті, оның пайдасы турасына тоқталып өтті.
Нәзік жандылар көкейкесті сауалдарын қойып, сүрені жауаттауға зор ықыласты болып қайтты.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.