Облыстық мешітте жазғы ілім курсы басталды.

Облыстық мешітте жазғы ілім курсы басталды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінде балаларға арналған жазғы діни сауат ашу курсына басталды. Бүгін жаздық маусымның ашылу салтанаты өтіп, білім алушы шәкірттер қабылданды.

Ілім курсына мектеп жасындағы ұл балалар мен қыз балалар қатыса алады. Сонымен қатар, жасөспірімдер жас мөлшеріне қарай топтарға бөлініп оқытылады.

Олар Құран әліппесі, ғибадат, сенім, мінез-құлық, Пайғамбар (с.ғ.с.) өмірбаяны пәндері бойынша дәріс алады. Ал сабақты мешіт ұстаздары мен діни оқу орындарының іс-тәжірибеден өтуші студенттері жүргізеді.

Аталған курста балдырғандар тек діни сауатын ашып қана қоймай адамгершілік құндылықтар жөнінен тәрбие алады.

Курстың алғашқы күні ұлдарды осы мешіттің ұстазы Асхат Акмамбетов, қыздарды ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Әйелдер, қыздар секторының өкілі Зейнеп Үсенова мен мешіт ұстазы Гүлжан Алдасаева қарсы алып, діни білімнің маңыздылығы жайлы тілге тиек етіп, маусымға сәттілік тіледі.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: