Сауат ашу курсының шәкірттері сертификат алды

Сауат ашу курсының шәкірттері сертификат алды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Қыздар, әйелдер секторы діни сауат ашу курсын жүргізіп келетіні белгілі. Бүгінде «Һибатулла Тарази» мешітінде аталған қыздар курсының оқу жылы аяқталып, шәкірттерге сертификаттар берілді.

Алғыс хаттарды табыстау рәсімінде ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі, облыстық мешітінің бас имамы Данияр қажы Жұмабаев білім алудың маңызы жайлы әсерлі уағыз айтып, шәкірттерді сертификаттармен марапаттады.

Жалындаған жастардан ақ жаулықты әжелерге дейін, түрлі ұлт өкілдері болып діни білім алғандар 1,2,3 саты бойынша қорытынды емтиханын тапсырғанын алдын хабарлағанымызды естеріңізге сала кетейік.

Осы сауат ашу курсының ұстаздары өз шәкірттеріне алдағы күндерге сәттілік тілеп, білімнің аманат екенін жеткізді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: