Рамазан – сексен үш жылдың сауабына тең келер қасиетті Қадір түні бар ең берекелі ай. Айтулы ұлық Рамазан айы кірісімен «Һибатулла Тарази» мешітінде күнделікті ауызашар берілуде. 150-ден астам ораза тұтушыға ақ дастархан жайылып, әр күн сайын арнайы қонақтар шақырылуда.
Кеше мешіттің бұл жолғы кезекті қонағы БАҚ өкілдері дастархан басында бас қосып, ауыз ашты.
«Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Ғалымбек Жапек тілшілерді мүбарак ораза айымен құттықтап, мешіт атынан сыйлықтар табыстады.
Имам ел амандығы үшін дұға жасап, халықты тың ақпараттармен жедел хабарландырып отыратын журналист мамандарға істерінің жемісті болуын тіледі.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.