Шу аудандық «Төле би» орталық мешітінің бас имамы Аят Алмахановтың ұйытқы болуымен 1-ші маусым балаларды қорғау күні мерекесіне орай ауқымды көлемде игі іс-шара ұйымдастырылды.
Қалыптасқан дәстүр бойынша, Төле би ауылдық орталық саябағында балаларға арналған секірме мен ойын-сауықтар орнатылып, мерекелік алаң жасалды. Мерекеге әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы жанұялардың балалары қатысты. Келген жас балаларға арнайы тәтті сусындар мен ойыншықтар таратылды.
Бүгінгі шараны ұйымдастырудағы мақсат бүлдіршіндердің көңілін көтеру, дінге деген ынталарын арттыру, оларды имандылыққа шақыру, білімді де, инабатты азамат болып өсуіне үлес қосу болып отыр. Сонымен қатар, ойын балаларын ертіп келген ата-аналарға әрбір мұсылманның бірінші міндеті баласына Ислам дінін және Құран Кәрімді үйрету екендігі жеткізілді.
Ауданның бас имамы Аят Дыбысұлы осындай игі іс-шараларды алдағы уақытта болатынын хабарлады.
Аудандық «Төле би» мешітінің баспасөз қызметі