Әйелдер жамағаты табиғат аясына демалысқа шықты

Әйелдер жамағаты табиғат аясына демалысқа шықты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла тағаланың көркем етіп жаратып, адамның игілігіне берген сыйы – табиғат. Күлімдеп көктен күн нұры жарқырағанда осы сұлулықты тамашалап, жамағаттың бірлігін арттыру мақсатында табиғат аясында демалыс шарасы ұйымдастырылды.

ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Қыздар, әйелдер секторының өкілі Зейнеп Үсенова мен «Һибатулла Тарази» мешітінің ұстазы Гүлжан Алдасаева бастаған қыздар курсының шәкірттері мен жамағат Берікқара тауына барып қайтты.

3 саты бойынша білім алған шәкірттер оқу жылының аяқталуына орай емтихан алды өткен іс-шараға шын разы. Нәзік жандылар тауға шығып пайғамбар (с.ғ.с.) сүннетіне амал етіп, түрлі эстафеталық ойындар ойнады.

Қара қазанға ас пісіріліп, самаурын жағылды. Ақ дастархан жайылып, әсерлі уағыз айтылды.

Жасы қартайса да Алланың кәләмін үйреніп Құранға түскен ақ жаулықты ақ әжелер қыздарға батасын берді. Курста бірнеше жыл алдын оқыған шәкірттер мен биылғы түлектер сөз сөйлеп, баршаға игі тілектерін білдірді.

Аталған демалыс көпшіліктің басын біріктіріп, әйелдер жамағатының ынтымағын арттырды. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: