«Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Бахтияр Амиреев арнайы шақыртумен қала мешіттерінде үгіт-насихат жүргізді.
Атап айтар болсақ, ақшам намазынан соң «Нәби» мешітінде «Жат ағымдардың зияны» тақырыбында, «Акрам төре» мешітінде құптан намазының алдында «Салаф сөзінің шығуы», «Бегалы ата» және «Хазрет Әли» мешітінде бесін намазының алдында «Ақида ілімінің қалыптасу кезеңі» тақырыптарында уағыз айтты.
Кездесуде қазіргі таңдағы өзекті мәселе болған жайттар талқыланып, дәлелді діни мағұлматтар берілді. Жамағат көкейкесті сауалдарын қойып, мардымды жауаптарын алды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.