Байзақ имамдарының ораза алды мәжілісі

Байзақ имамдарының ораза алды мәжілісі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Байзақ ауданы Сарыкемер ауылы «Байзақ баба» мешітінде ауданның бас имамы Рамиз қажы Азизовтың ұйымдастыруымен ауыл имам молдаларының қатысуымен кезекті жиналыс өтті. Жиналыс барысында Рамиз қажы имамдарға Рамазан айына байланысты: «Рамазан айы мүбәрәк болсын» деген баннерлер ілінсін, ораза кестелері тегін таратылсын, қайырымдылықтар жасалынсын» - деп  тапсырмалар берді.

Бас имам молдалардан мешіттің құжаттары мен жағдайын, Рамазан айына дайындықтарын сұрады.

«Ислам және өркениет» газетіне және «Иман» журналына мешіт жамағатының жазылуын қадағалауды жүктеді.

Сонымен қатар, Астанада өткен имамдар форумында қабылданған «ХХІ ғасырдың  үздік зияткер имамы» және «Ханафи мазхабы мен матруди сенім мектебі – Қазақстандағы исламның жолы» ұстанымы деп аталатын екі кітапты жиналған молдаларға түсіндіріп берді.

«Байзақ баба» мешіті

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: