Рамазан айы - халық бірлігінің туы

Рамазан айы - халық бірлігінің туы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әлем мұсылмандары сағына күткен қасиетті Рамазан айы да күн санап жақындап келе жатыр. Қуана күткен Құран айына байланысты Қордай елінде дайындық ерекше. Аудандық «Қордай шамшырағы-Кордайский маяк» газетінің 39 нөмірлерінің алғашқы беттерінде Бас Мүфти Ержан қажы Малғажыұлының халыққа үндеуі мемлекеттік және орыс тілдерінде жарық көрді. Аталмыш газеттің №40 сандарында Бас мүфти, ҚМДБ төрағасының рамазан айымен құттықтауы және жергілікті уақыт бойынша ораза ұстау кестесі жарияланды.

Демеушілердің көмегімен 7000 дана түрлі-түсті ораза ұстау кестесі басылып, ауылдық жерлерге, жамағатқа таратылуда. Рамазан айына байланысты құттықтау хаттары дайындалып, аудан және мекеме басшыларына, зиялы қауым өкілдеріне және демеушілерге таратылды. Орталық Жібек жолы көшесіне 2 дана және халықаралық маңызы бар  Алматы-Ташкент  тас жолына баннерлер ілінді.

Жастармен біріге атқарылған жұмыс барысында мешіт іші және аула тазалық жұмыстары  іске асырылды. Мешіт қақпасындағы электронды жүгірмелі жолаққа Рамазан жайлы аят пен хадистер жазылуда, дәл осындай баннерлер ілініп, Рамазан айының кіруіне байланысты кері санау баннерлері де күнде өзгертіліп тұрады. Қордай ауданына қарасты барлық ауылдық мешіттері қасиетті айды тиісті деңгейде өткізіуге дайындық үстінде. Алла ісімізгі сәттілік бергей!

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі 

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: