Қордай ауданының бас имамы Д.Қасымалиевтің ұйытқы болуымен аудан бойынша қызмет атқарып жатқан имам-молдалардың Рамазан айына байланысты кезекті жиналысы өтті.
Жиналыста Д.Қасымалиев және Д.Жандосұлы ҚМДБ төрағасы, Бас Мүфти Ержан қажы Малғажыұлының қасиетті Рамазан айына байланысты берілген тапсырмаларын жеке-жеке таныстырып, іске асыру жолдарын түсіндірді. Имам-молдаларға осынау қасиетті айда бар ынта-жігерін салып жұмыс барысын күшейту тапсырылды.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі