Бүгін ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Жастар ісі жөніндегі өкілі Ержан Аманбаевтың ұйытқы болуымен қасиетті Рамазан айының қарсаңында «Қош келдің, Рамазан» атты қайырымдылық науқаны өтті.
Іс-шара барысында 5 отбасыға көмек көрсетілді. Аталған жанұяларда 1-ші топ мүгедектігі бар азамат пен азаматшалар бар.
Ұлық айдың қайырлы бастамасы болған науқанда осы отбасыларға азық-түлік жеткізілді. Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.): «Жақсылық жасаңдар, қайырымды болыңдар!» – деген өсиеті осындай көріністермен жүрекке жылулық сыйлады.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.