Аудандық «Қордай» мешітінің ұйымдастыруымен жамағаттың басын біріктіріп Алла құдіретінің тағы бір көрінісі болған табиғат аясына демалысқа шықты.
Демалыста дін қызметкерлері және жамағат өз жанұяларымен бірге болды. Найб имам Д.Жандосұлы жиналған әріптестерімен жамағатқа табиғат аясында уағыз айтты. Жиын тек уағыз-насихатпен шектелмей түрлі спорттық ойындармен жалғасты.
Үгіт-насихатпен имандары шыңдалса, мұсылмандық әдеп шегінен шықпай, дәстүрлі арқан тартысы, доп тебу т.б.с.с қызықты ойындар өткізіліп, жиналған қауым тәндерін шынықтырды. Жамағатпен бірлесіп ортақ ас дайындалып, қуырдақ, кәуәп пісірілді. Алла елшісі (с.ғ.с) айтқан бір хадисіне сай ортақ ас берекелі әрі дәмді болды.
«Міне, осындай іс-шаралар арқылы бір-бірімізге шынайы бауыр болып, алауыздықтың алдын алуды көздеудеміз. Ардақты елші Мұхаммед (с.ғ.с.) айтқандай «Мұсылман-мұсылманға бауыр» деген хадисіне кішкентай болсада амал жасалынып, үлкен жоспар іске асты. Алла ниеттерімізді қабыл еткей!» - дейді ұйымдастырушылар.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі