Қордай ауданының найб имамы Д.Жандосұлы уағыз-насихат жұмыстары бойынша ұжымдармен кездесуін жалғастыруда. Соның бірі аудандық «Нұр Отан» ҚҰ кеңсесінде мектеп психологтарымен кездесу. Дөңгелек үстел барысында психолог мамандармен дін өкілі дін мен дәстүрдің өскелең ұрпақтың рөлі жайында сөз қозғады.
Келесі бір жиын аудандық ішкі істер бөлімінде өтті. Полиция қызметкерлерімен өткен бас қосуда «Суицид – мұсылманға жат қылық» тақырыбы сөз болды.
Найб имам Д.Жандосұлы дінімізде өзіне-өзі қол жұмсаудың күнә іс екенін түсіндіріп, тығырықтан шығар жолды Жаратушы Алла сабыр еткен құлдарына нәсіп ететінін мысалдармен жеткізе білді. Қос кездесуде түрлі сұрақтар қойылып, баршасына нақты түсіндірмелер берілді.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі