Меркі ауданы Рамазан айына дайындық мәжілісін өткізді

Меркі ауданы Рамазан айына дайындық мәжілісін өткізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ауданның бас имамы Батырбек қажы Қасымалиевтың ұйымдастыруымен ауыл имам-молдаларына жиын өтті.

Тақырыпқа байланысты бас имам әріптестерін қасиетті Рамазан айымен құттықтап, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының «Ислам және Өркениет» газетінде жарық көрген қасиетті Рамазан айына байланысты халыққа үндеуімен таныстырды.

«Үндеуде қайырымдылық жасау мәселесі туралы мол айтылған. Исламдағы «садақа жария» деген қасиетті ұғымды да қамтыған, осыған байланысты Рамазан айында қайырымдылық іс-шараларына көп көңіл бөліңіздер» - деп дейді бас имам.

Сонымен қатар Батырбек қажы: «Мешіттерде тазалық жұмыстары жүргізілсін, халық көп шоғырланған жерлердегі мешіттерде «Ораза қабыл болсын» атты бильбордтар ілінсін, мешіттерде ауызашарлар ұйымдастырылсын, ауызашарға жағдайы төмен отбасылар арнайы шақырылсын, Рамазан айында айтылатын уағыз-насихат шараларда барынша қайырымдылық, ынтымақ-бірлік, қоғамда жалпы адамгершілік құндылықтарға жат әрекеттерден аулақ болуға шақырыңыздар,» - деп тапсырма жүктеді.

Имам жиын соңында ораза кестесі таратылып, Бас муфтидің үндеуін ауыл тұрғындарына жеткізу керектігін жеткізді.

Аудандық «Меркі ата» мешіті

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: