Қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінде қасиетті Рамазан айына байланысты қала имамдарының жиналысы өтті. Аталған жиынға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы Данияр қажы Жұмабаев пен Тараз қаласының бас имамы Қанат Жұмағұлов қатысты.
Дін мамандары ел-жұрт асыға күткен ұлық айды өткізу барысын талқылады. Бас қосуда Мүфтият тарапынан келген тапсырмалар таныстырылып, жұмыс жоспары бекітілді.
Сонымен қатар Рамазан айында ауызашар беріліп, Құран қатым жасалатын мешіттер тізімі жасалды. Имамдар өз ұсыныстарын білдіріп, жүктелген қызметтерге кірісіп те кетті.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.