Бұқара халықтың асыға күтетін ұлық мейрамы қасиетті Рамазан айына бірер күндер қалды. Рамазан – Алланың мейірімі төгіліп, жұмақтың есігі айқара ашылатын, иманды күшейтуге мүмкіндік берілген берекелі ай.
Көпшілік мешітке қарай ағылатын айтулы мерекенің алдында облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінде ораза айына дайындық іс-шаралары жүргізілуде.
Атап айтсақ, мағұлматқа толы баннерлер мен құттықтаулар ілініп, ораза кестесі таратылды. Мешіт ауласы ретке келтіріліп, ҚМДБ Жамбыл облыстық Қыздар, әйелдер секторының қатысуымен тазалық жұмыстары жасалды.
Бір ғана ұлттың емес, күллі мұсылман жұртының ең сүйікті айы болып саналатын Рамазан 27 мамырда басталатынын естеріңізге сала кетейік.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.