Атадан балаға мирас болып келе жатқан ұлы қазына – ілім. Ал оны үйретіп, сауатты да иманды ұрпақты тәрбиелейтін білім ордасының бірегейі, Тараз шаһарының нұрлы ордасы – «Һибатулла Тарази» медресесі. Білім – ақылдылық пен парасаттылықтың белгісі. Пағамбарымыз (с.ғ.с.) хадис шәріпінде: «Білім алу – әрбір мұсылман ер мен әйелге парыз, – делінсе, тағы бір хадисінде: «Тал бесіктен жер бесікке дейін білім үйрен», – деп насихат айтқан.
Аталған ұлдар медресесінде білікті де белсенді дін мамандарын дайындайтыны баршаға белгілі. Бүгінде оқу жылының 2 семестрі аяқталып 1-2 курс студенттері тұрғылықты мекенжайларына байланысты орналасқан мешіттерге өндірістік іс-тәжірибеге жіберілді.
Шәкірттермен іс-тәжірибиеге байланысты жиын өтіп, оған медресе директоры Данияр Жұмабаев пен ұстаздары Асхат Акмамбетов, Амангелді Ембергенов қатысты. Ұстаздар болашақ мамандарға іс-тәжірибе барысын түсіндіріп, сәттілік тіледі.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.