Қайырымдылық керуені

Қайырымдылық керуені

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла Тағала адам баласына қайырымдылық жасауды бұйырады. Қайырымдылықтың сыйы өзіңе қайтады деген Алла елшісінің өсиетін көңілде ұстаған халықпыз. Шаңырағы бір еліміздің қай түкпірінен болмасын апатқа ұшырағандарға қол ұшын беру әрбір мұсылманның парызы. Басқаларды жақсылығымызбен қуантуға тырыса отырып, өз қуанышымызды табамыз. Қазақ атамның  «Кіші қайғыны ас басады, үлкен қайғыны дос басады», - деген кешегі сөзі бүгінгі ұрпаққа сабақ болды. Бүгінде кейбір аудандары табиғи апат салдарынан үй-қонысынан, мал-жайынан айрылып отырған  Қарағанды облысы елі аралас, қой қоралас болған, Құдай қосқан көршіміз. Көршіміздің қайғысы біздің қайғымыз. Қазақта «Қонсы болсаң, қорған бол»-деп, бекер айтылмаса керек.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен Жамбыл облысының орталық «Һибатулла Тарази» мешіті, аудан, қала мешіттерінің имамдары мен жамағаты су тасқыны апатына ұшыраған Қарағандылықтарға азық-түліктің барлық түрлерінен жинап 20 тонна қоғамдық көмек көрсетіп жатыр.  «Қолы ашықтың жолы ашық»- дегендей, Жамбылдықтар қандай жағдай болса да өздерінің жомарттығын танытуда.

Орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Жұмабаев Данияр қажы осындай қиын-қыстау шақтарда көмек қолын созған азаматтарға, ұйымдастырып жүрген аудан, қала имамдарына «Жомарттық дос көбейтеді, сараңдық мал көбейтеді»-деген, аталы сөзді айтып, өзінің алғысын білдірді.

Алла Тағала баршамызға амандық берсін. Қайырымды жандарға сауаптан жазсын. Амин. 

Орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің

найб имамы Жапек Ғалымбек

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: