Кеше ауданымыздың бас имамы Сұлтаншәріп қажы орталық «Сұлтан» мешітінде мешіт жамағаттарын жинап Астана қаласында өткен «II Республикалық имамдар форумының» құжаттарымен таныстырып өтті.
Бас имам өз сөзінде: «Бүгінгі таңда имамдарға жаңаша талап қойылып отыр. II Форумда қабылданған Үндеу мен Тұжырымдаманы насихаттау, жүзеге асыру алдағы уақыттағы бізге жүктелген басты міндеттердің бірі деп қабылдаймыз. Тұжырымдамада имамдардың міндеттері мен діни қызметке қойылатын талаптар жан-жақты сарапталған», - деп атап өтті.
Сонымен қатар, аталған құжаттарды насихаттау барысында бірқатар жиындар жоспарланатындығын жиылған көпшілікке жеткізді.
Әбілда Мейірханов
әскери зейнеткер.