Республикалық ақпараттық насихат тобы ауданымызда бір қатар кездесулер ұйымдастырды.
РАНТ мүшесі Ахмадиев Серікхан Рымханұлы, облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Аманбаев Ержан, облыстық діни департаменттің бас маманы Ақбай Еркебұлан ақпараттық іс-шара өткізді.
Қаратау қаласы «Балалар өнер мектебі», ТарМУ–дың акт залы, Аудандық «Қаратау» мешітінде болып, түс ауа Көктал ауылы «М.Жұмабаев»атындағы мектепте ауыл тұрғындармен кездесті.
Кездесуде терроризмнің алдын алу, жат ағымдардан сақтану, имандылық жолдарын терең түсінудің жолдары айтылды. РАНТ мүшесі Ахмедиев Серік Алланың кітабы Құран аяттары және Пайғамбарымыздың (С.Ғ) даналық сөздерімен, кешегі өткен бабаларымыздың ұстанған жолы Абу Ханифа мазһабы екенін ел ертеңінің болшақтары жастарға өзінің терең мағыналы уағыздарымен жеткізді.
Аудандық «Қаратау» мешітінің
баспасөз қызметі