Қазақша күрестен іріктеу сайысы

Қазақша күрестен іріктеу сайысы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақ ежелден ұлттық құндылықтарын дәріптеп, өнердің барлық қырынан өзіндік  нақыштарымен қазақ халқының болмысын танытып келе жатқан халық. Әлемді де осы өнерлерімен мойындатып келеді.

Соның бірі – күрес. Оның ішінде қазақ күресі де өзінің әр түрлі тәсілдерімен жанкүйерлерін таңқалдырып келеді. Жастарымыздың бойында спортқа деген құлшынысын арттырып, қазақ спортының дамуына үлес қосып келе жатқан Жамбыл облысының жастары да  Тараз қаласының №7 мектебінің спорт залында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы,  бас мүфти Ержанқажы Малғажыұлының жүлдесі үшін «Қазақша күрестен IV Республикалық турнирге» іріктеу сайысын өткізді.

Іріктеу сайысына күресуге ниеті бар жастар жанкүйерлері ала келген. Күреске қатысушылардың тізімі анықталғаннан кейін дүбірлі сайыс басталып кетті. Үш сағаттық сайыста әртүлі салмақтағы 12 адам күрес алаңына шықты. Қазбеков Нұржан бастаған әділ қазылар алқасы әрбір сәтті жібермей әділ бағасын беріп отырды. Жарыс соңында  I-ші орынды Пахреддинов Дәулет,  II –ші орынды Күзенбаев Қанат, III-ші орынды Теңгебаев Айдос иеленді. Жанкүйерлердің алғысына бөленген жеңімпаздарға облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Жұмабаев Даниярқажы ақшалай сыйлықтар беріп, IV Республикалық турнирге жолдама табыс етті. Жерлестерімізге  сәттілік, ақ жол тілейміз.

«Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Жапек Ғалымбек

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: