Қанның көптігі –өмірдің ұзақтығы

Қанның көптігі –өмірдің ұзақтығы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қайырымдылық жасау адам бойындағы жақсы бір қасиет. Мұсылман адам үнемі қиналғанға қайырымдылық жасау жолын іздеп жүреді. Адамның денсаулығы Алладан берілген аманат. Әрбір жұтқан ауаға есеп бергеніміз сияқты, денсаулыққа да жауап береміз. Сүйікті Пайғамбарымыздың (С.Ғ): «Адамдар екі нәрсенің қадірін білмей өтеді. Денсаулық пен бос уақыт» - деген, өсиеті ненің қадіріне жетуіміз керектігін білідіріп отыр.

Бір мұсылманды аман алып қалған кісіге, күллі адамзатты аман алып қалғанның сауабы жазылады. Оның жолдары да көп. Қиыншылық , не бір апат келген сәтте ойланбастан құтқаруға ұмтылады.  Әрбір азамат оны борышым деп санайды.

Қан тапсыру арқылы қанша адамның денсаулығын сақтап қалуға көмегіміз тиіп жатады. Орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Даниярқажы Әлимұхаммедұлы бастаған қызметкерлері, медресе щәкірттері және жамағаты осындай жақсы қасиетті өздерінің азаматтық борышым деп біліп, «Облыстық Қан орталығына» келіп қан тапсырды. Бүгінгі жастардың бойында осындай мейірімділік қасиетті сіңдіре білу әрбір азаматтың міндеті.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: