РАНТ мүшесі «Жәми» мешітінде уағыз айтты

РАНТ мүшесі «Жәми» мешітінде уағыз айтты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі Жамбыл облысы, Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұлов Шу қалалық «Жәми» мешітінде жұма намазына жиналған жамағатқа уағыз айтты.

РАНТ мүшесі жұма уағызында «Береке бастауы – бірлік пен бейбітшілік» тақырыбында уағыз айтып, қазірігі таңда ең басты байлығымыз бірлік екенін жеткізіп, ынтымақ-бірлік қайда болса, бақ пен береке сонда екенін айтты.

Сондай-ақ, қазіргі таңда жамағат арасында кездесіп жүрген бөлінушілік, елдің тыныштығын бұзып жүрген теріс пиғылды жат ағымдар бар, сол жат ағымдарға жуымауға шақырды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұстанатын өзіміздің төл мәзхабымыз Әбу Ханифа мәзхабын ұстану ол, халықты бірлікке, ынтымаққа, бақытқа жетелейді. Сондықтан да, баршаңызды төл мәзхабымыз ата-бабамыздың ұстанып келе жатқан Әбу Ханифа мәзхабын ұстауға шақырамын, - деді.

Шу қалалық мешітінің

баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: