Республикалық ақпараттық насихат тобы ауданымызда бір қатар кездесулер ұйымдастырды.
РАНТ мүшесі Ахмадиев Серікхан Рымханұлы, Аманов Ержан облыстың «Һибатулла Тарази» мешітінің нәйб имамы, облыстық діни депортаменттің бас маманы Ақбай Еркебұлан ақпараттық іс-шара өткізді.
Түске шейін №9 Меркі колледжі, №11 971-ші Әскери бөлімі, «Қарабала төре» мешітінде болып, түс ауа аудандық «Меркі ата» мешіті жамағатымен кездесті.
Кездесу барысында, Еліміздегі діни ахуалға тоқталып, дін төңірегінде болып жатқан жайлар, дінді бір құралға айналдырып, кері тартпа, пиғылы бұзық топтардың бар екені жайында, дәстүрлі Ислам дініміздің негізгі құндылықтарын және ынтымақ-бірлік жайында баяндады.
Іс-сапарда жүрген дін бауырларымыз жоспарланған іс-шараны толығымен орындап облысқа аттанып кетті.
Аудандық «Меркі ата» мешіті