Аудандық «Қордай» мешітінің наиб имамы Дәуренбек Жандосұлы мешіттің әйелдер жамағатымен жүздесті.
Ақ дастарқан басында өткен жиын қасиетті Құран аяттарын оқумен басталып, дәстүрлі дін құндылықтарын насихаттау тақырыбына жалғасты. Наиб имам әйелдер жамағаты үшін қаракөз қазақ қыздарына дұрыс діни тәлім-тәрбие беру, ізгі істерге жұмылдыру, мешіттегі ұстаздардан білім алуы сынды маңызды міндеттер тұрғанын жеткізді. Осы міндеттерді ақ жаулықты аналарымызбен бірлесе атқарудың маңызын тілге тиек етті Д.Жандосұлы.
Республикалық имамдардың 2-ші форумынды қабылданған құжаттар турасында наиб имам толық ақпарат берді. Қазақ танымындағы дәстүрлі құндылықтармен қабысқан салиқалы жүздесу соңында әйелдер жамағаты көкейкесті ойларын ортаға салып, ұсыныс-пікірлерін айтты.
Аудандық «Қордай» мешітінің
Баспасөз қызметі