Қай кезде де халқымыз өзінің болашағы – жастар тәрбиесіне көңіл бөліп отырған. Ұлт пен ұлыстың аманатын арқалаған жас өскінді тәрбиелеудің жолдары мен амалдары да сан тарау.
Осы мәселе бойынша, ауылдық елді мекендерді аралап жүрген аудандық «Қордай» мешітінің наиб имамы Д.Жандосұлы Қайнар ауыл аймағына қарасты мектептің жоғарғы сынып оқушыларымен және жастар тәрбиесіне немқұрайлы қарамайтын ауыл тұрғындарымен «Жастар тәрбиесі» тақырыбында кездесу өткізді.
Кездесуде қозғалған тақырыптар ол әрине асыл дініміздің құндылықтары турасында болып, таза дінімізге түрлі «измдердің» тіркеліуіне тікелей әсер етіп жатқан жат ағымдар болмысы жайлы да кең ақпарат берілді.Әңгіме барысында найб имам Д.Жандосұлы қазіргі қоғамда болып жатқан мұсылман баласына жат істерді алдын алу үшін сана-сезімі толыққан жастарды дін мен дәстүрімізге тереңірек бойлату керектігін назарға салды. Кездесу барысында имамдардың екінші форумында қабылданған құжаттар таныстырылды. Оқушылар тарапынан имамға әртүрлі мәселедегі сұрақтар қойылып, жауап берілді.
Аудандық «Қордай» мешітінің
Баспасөз қызметі