Сенімді күшейткен Семинар

Сенімді күшейткен Семинар

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің ұйымдастыруымен аудан және қала мешіттері бас имамдарының 4 күндік семинары өтті. Семинар барысында имамдарымыз исламның құндылықтарын терең үйреніп, дәріс тыңдады. Семинарда «Һибатулла Тарази» медресесінің ұстаздары Бақытұлы Нұралы «Ақида» дәрісін, Ембергенов Амангелді «Дағуат тәсілі» және Сүлеймен Сайд «Ахлақ» дәрісін жүргізді. Сонымен қатар «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамдары Жапек Ғалымбек «Ислам тарихы» және Амиреев Бақтияр «Диструктивті ағымдар» жөнінде сабақ өтсе, қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінің бас имамы Жұмағұл Қанат «Фиқһ» сабақтарын жүргізді.  Төртінші күні Нұр-Мүбарак Ислам мәдениеті университетінің Phd докторанты, әрі осы университеттің оқытушысы Еркінбек Шоқай  Керімбекұлы  «Құран ілім», «Дін және қоғам » тақырыптарында дәріс  жүргізді. Семинар соңында қатысушы имамдарға сертификат табыс етілді.

Еркінбек Шоқай  Керімбекұлы ұстаз түскі намаздан кейін орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің жамағатымен кездесіп, «Құранның артықшылығы» тақырыбында  уағыз айтты. Кездесу соңында жамағаттың сұрақтарына жауап беріп, уағызына тәнті болған жамағаттағы ақсақалдардың батасын алды. Баршамызға Алланың нұры жаусын.

«Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Жапек Ғалымбек

 

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: