Нұрлы мінбер -Тараз жерінде

Нұрлы мінбер -Тараз жерінде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінде «Нұрлы мінбер - 2017» атты имамдар байқауы өтті. Байқаудың әділқазылар төрелігіне «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Жұмабаев Данияр Әлимұхаммедұлы ,  мүшелері «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Жапек Ғалымбек және «Һибатулла Тарази» медресесінің ұстазы Бақытұлы Нұрәлі қатысты.

Сайысты «Һибатулла Тарази» мешітінің ұстазы Акмамбетов Асхат жүргізіп отырды.  Сайысқа облыс аумағындағы он аудан және қаладан барлығы 11 үміткер қатысты. 10 сұрақтан тұратын алдын ала дайындалған тест сұрақтарының әрбірінде төрт жауап белгіленген. Дұрыс жауаптарын белгілеп,  көп ұпай алған үміткерлердің ішінен 8 имам іріктеп алынды. 

I-ші «Сәлем-сөздің атасы» турдың сәлемдесу және слайдтық байқауында үш имам өздерінің шығарған өлең шумақтарымен көрермендерді таңқалдырды. II-ші «Бәйге» турында келген 30 сұрақтан тұратын сайыстың шарттары бойынша екі сайыскер ойыннан шығарылып, қалған 6 сайыскер арасындағы III –ші «Жеті жарғы» турынан сайысқа түсті. Мұнда да екі сайыскер шығарылды. 

IV-ші «Имам мінбері» турында сайысқа түскен имамдар уағыз тақырыптарын таңдап алды,  «Имамның тұлғалық келбеті» атты құжатты басшылыққа алып, шартта көрсетілген талаптары бойынша уағыз айтып сайысқа түсті. Соңғы V-ші «Пікір сайыс» турына Тараз қаласындағы «Айсұлу ана» мешітінің имамы Қуанышбеков Қанат пен аудандық «Байзақ баба» мешітінің найб имамы Каримбаев Айбек қатысты. Белгілі бір тақырып бойынша пікір сайыстары өте қызықты өтті. Сұрақ- жауаптары да ойландыратындай-ақ болды.

Сайыс соңында әділқазылар шешімімен сайыскерлердің тақырыпты игеруі, аудиторияны сендіру, шешендік сөз саптауы мен өзін ұстай білу жағынан «Айсұлу ана» мешітінің имамы Қуанышбеков Қанат үздік деп танылып Республикалық «Нұрлы мінбер» байқауына жолдама алды. Қалған қатысушыларға 1.2.3 орындар белігіленіп, ақшалай сыйлықтар берілді.

«Һибатулла Тарази» мешітінің найб

имамы Жапек Ғалымбек

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: