Жамбыл облысы Қыздар-әйелдер секторы «Һибатулла Тарази» мешітінің ұстаздары мен шәкірттері «Айналамыз жайнасын» атты іс-шара өткізді. Онда шырша және алма талдарын егіп, «бір тал кессең, он тал ек» деген ата-бабамыздың өсиетін, адамзатқа тіпті жаратылысқа пайдаң тисе сауап деген Пайғамбарымыздың (с.а.у.) нақылын амалға асырғандай. Тал еккенге медресе шәкірттеріміздің қуанышында шек болмады. Әрбір талды еккенде, Алладан жемісті болуын тілеп су құйды. Келесі жылы да тал егейік деп қуанышпен тарқасты.
«Һибатулла Тарази» мешітінің
ұстазы Зейнеп Үсенова